Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тіркелді

29.08.2023 15:43

Шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

Ашық дерек көзінен

Жетісу облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

Тексерушілердің мәліметінше, шенеунік өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөліктен 50 000 теңгені құрады. Қазір күдікті азамат соттың шектеуімен қамауға алынды және сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды шешімі күшіне енгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оқи отырыңыз:LIVE: Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр

Теги: шенеунік