Екібастұзда үш жасар бала терезеден құлап кетті

28.05.2024 15:43

Оның жағдайы орта ауыр деңгейде

elements.envato.com

Зардап шеккен жеткіншек ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы орта ауыр деңгейде екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен үш жасар бала құлап кетті.

«Бала үйдің үшінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем бригадасы жеделділіктің бірінші дәрежесі бойынша шығып, төрт минутта оқиға орнында болды. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды», деп мәлімдеді өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың жағдайы орта ауыр деңгейде, тұрақты деп хабарлады.

Оқи отырыңыз: Елімізде темекінің бағасы өзгереді