Сондай-ақ 5 бекіре тұқымдас балық өлі күйінде табылған
Маңғыстау жағалауын тексеру барысында 64 өлі итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Сайттың мәлімдеуінше, Форт-Шевченко теңіз порты аймағында Урдюк мүйісінен Баутинская мүйісіне дейінгі жағалаудан 64 итбалық пен 5 бекіре тұқымдас балық өлі күйінде табылған. Осы ақпарат бойынша экологтар және жергілікті атқарушы органның бірлескен жұмыс тобын құрып, аумақты зерттеу жұмыстарын жүргізген.
«Бұл бір күн бұрынғы оңтүстік-батыстан соққан желдің салдарынан болып отыр. Зертханалық зерттеу үшін өлген жануарлардан сынама алынып, тоңазытқышқа қойылды. Сондай-ақ су мен ауа сынамалары алынды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы.
Осыған дейін Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінен 94 өлі итбалық табылғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ Маңғыстауда итбалықтардың қырылуына байланысты зерттеу жүргізілетіні жазылды.