Оқиға осыдан 22 күн бұрын болған еді
Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 75 пайызын күйік шалған әйел бүйрек пен тыныс жеткіліксіздігі болғандықтан халі әлі де ауыр. Қазіргі таңда науқас жасанды тыныс алу апаратымен демалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Жарақаттану және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына 75% дененің термиялық күйікпен түскен зардап шегушінің жағдайы тыныс алу жетіспеушілігінен, күйік септикотоксемиясы салдарынан ауыр күйде. Күйік ауруының фазалық ағымы жалғасуда. Дегенмен қалпына келу белгілері бар», – деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз хатшысы Дана УАНБАЕВА.
Естеріңізде болса, елордада 43 жастағы ер адам осыдан 22 күн бұрын әйелінің үстіне бензин құйып, қала сыртына шығарып өртеп жіберген болатын. Полицияға автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқаны жөнінде хабарлама түсіп, бірден ауруханаға жеткізілген болатын.