Рудныйда кәсіпорын аумағында жұмысшы қаза тапты

01.11.2023 15:44

Бұл туралы ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады

erg.kz

Рудныйдағы кәсіпорын аумағында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Alau.kz жазуынша, қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ аумағында болған.

Бұл туралы ақпаратты кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

«ССТБӨБ аумағында темірбетонды жабынды бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер мекеменің қызметкері оқыс оқиғадан көз жұмды. «ССТӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.