Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 дана техникасы жұмылдырылды
Еңбекші ауданы, Уалиханов көшесінде орналасқан жалпы көлемі 50 шаршы метрді құрайтын РП-11 трансформаторы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 дана техникасы жұмылдырылды.
«Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің салдарынан 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.