Алматыдан 400 шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
MPV магнитудасы – 4,2
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым қашықтықта, сондай-ақ Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 шілдеде Алматы уақыты бойынша 6 сағат 28 минут 56 секундта (Гринвич бойынша 00 сағ 28 мин 56 сек) жер сілкінісін тіркеді. 

Зілзаланың энергетикалық санаты – 10,3. 

MPV магнитудасы – 4,2. 

Жер сілкінісі ошағының координаттары – 42.20° с.е. 81.09° ш.б. 

Тереңдігі – 10 шақырым. 

Жер дүмпуінің сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2 шілдеде Алматы уақыты бойынша 7 сағат 15 минут 43 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Зілзаланың энергетикалық санаты – 11,8. 

MPV магнитудасы – 4,3. 

Жер сілкінісі ошағының координаттары – 43.21° с.е. 81.56° ш.б. 

Тереңдігі – 10 шақырым. 

Жер дүмпуінің сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Кетмен ауылында 2 балл.

Новости партнеров