Маңғыстау облысында көлік теңізге құлап кетті
Фото: lada.kz
Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында көлік Каспий теңізіне құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео 1 шілдеде Желіде пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Chevrolet маркалы автокөлігінің теңізге құлап кеткен видеосы пайда болды. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.
Өңір полициясы оқиғаның Қаражанбас кен орны маңында болғанын айтты.
«Оқиға жайлы полицияға ешкім хабарласпады. Маңғыстау облыстық ауруханасына да хабар түспеген. Көлікті иесі шығарып алған», ‒ деді полиция қызметіндегілер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
26.09.2026 14:00
Ақылы жолда ақшаны қалай үнемдеуге болады
25.09.2026 14:37