Із-түзсіз жоғалған мемлекеттік қызметкердің денесі Есілден табылды

07.08.2019 15:45

Ер азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған

СҚО-да бірнеше күннен бері іздестірілген Петропавл қаласының тұрғыны 7 тамыз күні таңертең Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды өңірдің Полиция баспасөз қызметі.

7 тамыз күні таңертең Есіл өзеніне жақын бөгет маңынан полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы Салықов Сағындық Ерденұлының денесін тапқан.

Ер азаматтың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Оның денесі сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Марқұмның орналасқан жері үшінші тамыздан бері белгісіз болған.

Соңғы рет Хименко-Набережная көшелері ауданындағы сауда үйінің бейнебақылау камералары оны Есіл өзенінің жағасына қарай бет алғанын түсіріп қалған.

Естеріңізге сала кетейік, 6 тамыз күні ер азаматтың мемлекеттік қызметте жұмыс істегендігі белгілі болды, ал жоғалған күні оның қолында қомақты қаржы болған.



Дереккөзі: KAZ.NUR.KZ.


Теги: СҚО