Алматы облысында жануарларға қатыгездік танытқандар анықталды

04.10.2023 15:48

Жануарларға қатыгездік көрсету бабы бойынша ең көп құқықбұзушылық осы өңірде тіркелген

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ел бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша 62 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл бір жыл бұрынғыдан 34,8% көп.

Салыстырайық: былтыр осы кезеңде Қазақстанда осындай 46 құқықбұзушылық тіркеліп, жыл сайынғы өсім 4,5% болған.

Өңірлерде "Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша ең көп құқықбұзушылықтар Алматы облысында тіркелді: былтырғымен бірдей 11 жағдай. Көшбасшы өңірлер қатарында Павлодар (10 жағдай), Батыс Қазақстан (6 жағдай) және Қарағанды (6 жағдай) облыстары тұр.

 - Еліміздегі 20 облыстың 4-інде – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұндай бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген, - делінген хабарламада.

Биыл сегіз айдың қорытындысы бойынша жануарларға қатыгездікпен қарауға байланысты құқықбұзушылықтар салдарынан келтірілген материалдық шығынның белгіленген мөлшері – бір жыл бұрынғы 50 мың теңгенің орнына 110 мың теңге. Жылдық өсім – 2,2 есе.

Жануарлар шабуылынан зардап шеккендер саны бір жыл бұрынғы 19 адаммен салыстырғанда 33 адам болды. Оның ішінде 21-29 жас аралығындағы 3 адам, 30-39 жас аралығындағы 12 адам, 40-49 жас аралығындағы 10 адам, 50-59 жас аралығындағы 5 адам, 60 жастан асқан 3 адам.

"Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша құқықбұзушылықпен 8 адам ұсталды, олардың барлығы – жұмыссыздар.

Оқи отырыңыз: Жол қауіпсіздігі: жолайрыққа қойылған белгілерге тексеру жүргізілді