Ескерткіш қаза тапқан десантшы жауынгерлерге арнап орнатылған
Қарағанды тұрғыны әлеуметтік желісіндегі парақшасында қайтыс болған десантшы ескерткішіне аяғын қойып, ерсі қимыл көрсетіп тұрған суретін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Instagram-дағы patriotkaragandy парақшасына сілтеме жасап.
Қаза тапқан десант-жауынгерлерге арналған ескерткіш Қарағанды облысының оңтүстік аумағындағы ауылында орнатылған. 22 жастағы қыз Қарағандыдан ауылға туысына қонаққа келген.
Полиция қыздың бұл суретіне назар аударды.
«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері Қарағандының 22 жастағы тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік материал қаралып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Іс материалдары сотқа жіберілді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Патриот Караганды (@patriotkaragandy)4 Июн 2020 в 6:41 PDT