Өрт «Ақсай 4» шағынауданындағы №122 үйдің 4-қабатында орын алған
Алматыда өрт сөндірушілер қарияны өртеніп жатқан пәтерден алып шықты, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт «Ақсай 4» шағынауданындағы №122 үйдің 4-қабатында орын алған.
«Оқиға орнына 5 минут ішінде мотоцикл тізгіндеген ТЖД өкілдері жеткен. Пәтердің есігі жабық болған. Көршілердің айтуынша, үйде 78 жастағы қария тұрып жатқан. Оны құтқару үшін өрт сөндірушілер есікті гидравликалық құралмен ашты. 1941 жылы туған қария қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген ақпаратта.
Анықталғандай, жалын кондиционердің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Бір шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар өртеніп, содан қалың түтін будақтаған.