Тараз кафелерінің бірінен есірткі қолданған әйел ұсталды

26.09.2019 15:48

Рейдті облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген

Жамбылдық полицейлер Тараз қаласының ойын-сауық орындарына рейд жүргізіп, қала кафелерінің бірінен синтетикалық есірткі қолданған 26 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейдті облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталған тұрғыннан синтетикалық есірткіден бөлек «каннабис шайыры» есірткі заты да табылды. 

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 1-бөлігі және 296-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, кафе иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 422-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.