Алматыда Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com
Қозғалыс 9 тамызда сағат 23:00-ден 11 тамызда сағат 11:00-ге дейін шектеледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өтеген батыр көшесінің бір аумағына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

9 тамызда сағат 23:00-ден 11 тамызда сағат 11:00-ге дейін Жұбанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Солтүстік бағытта Абай даңғылы, Алтынсарин және Жұбанов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Оңтүстік бағытта Жұбанов көшесі, Алтынсарин даңғылы және Абай даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жазылған.

Новости партнеров