Шығыс Қазақстан облысында браконьер 90 келі балықпен ұсталды

09.11.2022 15:49

Енді ер адамдар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында браконьер 90 келі балықпен ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке  сілтеме жасап.

Браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу, заңсыз аң аулау мен балық аулауға, сондай-ақ ағаштарды заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл мақсатында 20 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

"ЖПІШ барысында ШҚО ПД ЖПҚБ қызметкерлері Алтай ауданы полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жағасында браконьерді ұстады. Қаскөй балықты өз қайығымен аулаған, кейінірек тәртіп сақшылары 90 келі балықты санап алған", - делінген хабарламада.

Тарғабатай ауданында да заңбұзушылықтар болған. Полицейлер Тұғыл ауылының 59 жастағы тұрғыны резеңке қайықта монофиламенттен жасалған синтетикалық торларды қолданып, балық ресурстарын өндірумен айналысқан. Оқиға орнынан тәртіп сақшылары 500 метрлік ау мен қайықты

Екі дерек те ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркелді. Енді ер адамдар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.