Қылмысқа қатысы бар басты күдікті ұсталды
zanmedia.kz
Қашқан сарбаз бен сыбайластары 29 автомат пен 24 тапаншаны сатқысы келген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте қашып кеткен сарбаз бен оның сыбайластарынан 29 автомат пен 24 тапанша тәркіленді. Олар қаруларды сатқысы келген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бүгінде қылмыстық іс аясында басты күдікті ұсталды, сондай-ақ, оның екі сыбайласы ұсталды. Олардың бірі қаруларды алып шығуға көмектессе, екіншісі қаруларды сатпақшы болған. Осыған қатысы бар басқа да күдіктілерді анықтау мақсатында іздестіру шаралары жалғасып жатыр", – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
Бас әскери прокуратураның мәліметінше, ұрланған қаруларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46