Алматыда жекеменшік үй өртеніп, үй иесі көз жұмды

16.10.2019 15:51

Күйік шалған 32 жастағы ұлы ауруханаға жеткізілді

Алматыда жекеменшік үйден шыққан өрт кезінде 59 жастағы әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қазанда сағат 22.22-де Алматының «101« пультіне Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан. 23.00-де 25 шаршы метрді шарпыған өрт сөндірілді. Өрт болған жерде 1960 жылғы үй иесі өлі табылды. Сондай-ақ, күйік шалған 1987 жылғы ұлы ауруханаға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр»,- делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 17 қызметкері мен төрт арнайы техника жұмылдырылды. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды.