Жомарт Ертаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

19.06.2019 16:57

Бастапқыда ол 15 маусымға дейін тұтқында отыруы тиіс болған

Zakon.kz

Жомарт Ертаев осы жылдың 15 тамызына дейін қамауда болмақ. Ертаевты қамауда ұстау мерзімінің ұзарғаны туралы Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің басшысы Диас Махамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жомарт Ертаев тамыз айының ортасына дейін қамауда болады деген шешімді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, сот кәсіпкерді үш айға қамауды шешкен. Осылайша, ол 15 маусымға дейін тұтқында отыруы тиіс болған.

Ертаевқа қатысты сот процесі Алматыда өтеді.