Үш ұры да бұрын сотталған, бір-бірімен құрдас болып шықты
Алматыда үш қалта ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД-не сілтеме жасап.
Алмалы ауданының полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда ұрлықпен айналысқан үш ұрыны ұстады. Ұсталған үш адам бір-бірін танымайтын болып шықты.
«Үш ұрыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаумен айналысқан. Сондай-ақ олардың үшеуіде 33 жаста, бұрын ұрлық үшін сотталған», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, подполковник Данияр Меңдебаев.
Ұсталғандар тергеу абақтысына жабылды. Оларға қарсы ҚР ҚК 188 бабы бойынша тергеу басталды.