Қайғылы оқиға 7 ақпанда Жамбыл ауданында болған
Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апаты 7 ақпанда Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында болған.
«Алматы – Бішкек автожолының 82 шақырымында 8 автокөлік соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі – автобус жолаушысы», – делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚР ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.