|
08.08.2022 | 10:52
981

Екі көлік соқтығысып, үйлердің қоршауын қиратты

Жол-көлік оқиғасы 7 тамыз түнгі сағат 22:50 шамасында болған

Екі көлік соқтығысып, үйлердің қоршауын қиратты ҚазАқпарат

Алматыда Honda мен Mitsubishi Pajero соқтығысып, жер үйлердің қоршауын қиратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол-көлік апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 7 тамыз түнгі сағат 22:50 шамасында болған. 

Honda автокөлігінің жүргізушісі Енисей көшесімен шығыс бағытта келе жатып Папанин көшесінің қиылысында 2.5 жол белгісін елемей, Папанин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан Mitsubishi Pajero көлігіне соғылды. Салдарынан Honda атокөлігі жолдан шығып кетіп, жер үйдің темір қоршауы мен газ құбырының тірегіне соғылды. Апат салдарынан екі көлік те механикалық зақым алған.

«Жүргізушілерді оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы қарады, олар ауруханаға жатудан бас тартты. Аталған факт бойынша тексеру басталды», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасының Олжас Шәріпов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир