Вагондар құрамы жолмен келе жатып, бұрылған кезде рельстен шығып кеткен
Қарағандыда жұмысшы көмір тиелген вагонның астында қалып, қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Аймақтық еңбек инспекциясының мәліметінше, вагондар құрамы жолмен келе жатып, бұрылған кезде рельстен шығып кеткен.
«Аталған дерек бойынша Еңбек инспекциясы басқармасында комиссия тағайындалды. Қайғылы жағдайдың себебі тергеу нәтижесінде анықталады», – деді Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.