Қарағанды облысында 5 жасар баланы тоқ соқты

05.09.2021 15:53

Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді

Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында Ақсу-Аюлы елді мекенінің орталық саябағында бес жасар баланы тоқ соқты. Оқиға сенбі күні сағат 19.20-да Шет ауданында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді. Ақсу-Аюлы аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бала үйде ем қабылдауы үшін ата-анасына тапсырылды.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес ("қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл балалар ойын алаңында жарақат алған алғашқы жағдай емес. Шілде айының ортасында астанада 13 жастағы баланы тоқ соққан болатын.

Теги: тоқ соқты