Қырғызстанда жүк көлігі қаққан балалар әлі ауруханада жатыр

06.05.2024 15:53

Жүргізуші үйқамаққа шығарылды

24.kg

Қырғызстанда балмұздақ тиелген жүк көлігі қағып кеткен 19 бала ауруханада жатыр. Бішкекте ем алып жатқан 10 оқушының үшеуіне ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал төрт бала әлі жансақтау бөлімінде, қалғандары бөлімшелерге орналастырылған. Елдің Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің айтуынша, 9 бала Жалал-Абадта емделіп жатыр. Оның бесеуінің жағдайы орташа ауыр болса, басқасының жағдайы бірқалыпты.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Жалал-Абад облысының Созақ ауданында өткен жас манасшылар байқауы қайғылы оқиғамен аяқталған. Іс-шара кезінде дөңде тұрған «Портер» жүк көлігі жоғары жылдамдықпен төмен жүйткіп, оқушыларды қағып кеткен. Салдарынан 34 бала зардап шекті. Артынша жүргізуші ұсталып, 12 полиция қызметкері жазаланған.

Оқи отырыңыз: Бурабайда велосипедпен ағашға соғылған бала көз жұмды