Шыршадан шыққан өрт: Талдықорған тұрғыны көршісінің екі баласын құтқарды
ҚазАқпарат
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер дереу жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысының тұрғыны көршісінің екі баласын өрттен құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, 26 желтоқсан сағат 10.36-да құтқарушыларға Талдықорған қаласы Болашақ шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында пәтер өртенді деген хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-нен 16 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер дереу жіберілді. Пәтерде жасанды шырша мен 0,5 шаршы метр алаңда диван жанғаны анықталды. Өртке қарсы бөлімше келгенге дейін көрші Әлішер Еріков екі баланы пәтерден шығарып, өртті сөндіріп үлгерген.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06