Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған
29 маусым сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Оқиғадан кейін жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.
Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді.