|
10.11.2019 | 10:54
2264

Алматы облысында 20 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 7 қараша күні таңертең болған

Алматы облысында 20 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Әлеуметтік желілерде өз-өзіне қол жұмсамақ болған адамды полиция құтқарып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Оқиға Алматы облысында 7 қарашада орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнында болған куәгерлер видеомен бөлісті. Видео инстаграм желісіндегі kris_p_forever тобында жарияланған болатын.

Видео авторының жазуынша, оқиға «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 7 қараша күні таңертеңгі уақытта болған.

«Ол жігіт секіргісі келген, бірақ шақырылған полиция дереу әрекет етті! Керемет!», - деген жазба жарияланған.

Tengrinews.kz хабарлауынша, оқиға Қарасай ауданында болған.

20 жастағы жігіт мас күйінде үлкен ағасымен ұрысып, өз өмірін қош айтысқысы келген. Ол бесінші қабаттағы балконның үстіне көтеріліп үлгергенде, тәртіп сақшылары тез арада жігіттің туыстарымен бірге оны балконға сүйреп апарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Екі ағайынды полицияға түсініктеме берді. Әрқайсысымен жеке әңгіме жүргізілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир