Алматы-Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында аударылған көліктің тек қаңқасы ғана қалған
13 шілде күні сағат 17:35-те Жамбыл облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Алматы-Екатеринбург тасжолының 380-шақырымында SsanYong маркалы қызметтік автокөлігі аударылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ғаламторға жарияланған суреттерден көліктің қаңқасы ғана қалғанын көруге болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Көші-қон заңын бұзғандарды тасымалдау кезінде орын алған жол апаты салдарынан Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА.