Таксист көлігін тартып әкеткен 23 жастағы жігіт адам қағып өлтірді

03.12.2019 15:55

Апат салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды


Нұр-Сұлтанда бөтен біреудің көлігін айдап кеткен жігіт екі адамды қақты, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Таңғы сағат 06.52-де «Бизон» кафесінің жанында белгісіз ер адам таксисті ұрып-соғып, оның «Лада» автокөлігін теуіп кеткені туралы ақпарат түсті. Сағат 06.58-де аталған автокөлік Тәуелсіздік көшесінде жүргінші жолағымен жолдан өтпек болған екі адамды қақты. 23 жастағы күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады полиция.

Жігіт удай мас болған.

Апат салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Көлік қаққан 2005 жылғы екінші жолаушы көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.