Әйел сол жерде-ақ жан тапсырған
Алматы облысында ер адам анасын пышақтап өлтіріп, әкесін ауыр жаралаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қылмыс үйде жасалды. Ер адам ұрыс кезінде ашуға булығып ата-анасын пышақтап тастаған. Әйел сол жерде-ақ жан тапсырған.
Ал, әкесінің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Қылмыскер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.
Жалпы, өткен тәулікте елімізде 734 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 444-і ашылды. Оның 4-і кісі өлтіру, 6-ы зорлау, 32-і есірткі тәртібін бұзу, 8-і денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен байланысты құқық бұзушылық болса, 18 тонау фактісі орын алған.