Баланың жағдайы жақсы
Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір күн бұрын Алматы қаласының Алмалы ауданында кәмелетке толмаған баланы құтқарды.
«14 жастағы Роман және оның достары Есентай өзенінің
жағасында болды. Бала парапеттің екінші жағына өтпек болды, бірақ, өкінішке
орай, сүрініп, суға құлап түсті. Осы сәтте бұл аймақта тәртіпті қадағалау үшін
жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор
Руслан Қалиев қызмет етіп жүрген. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға
лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Бақытымызға орай,
қазір балада бәрі жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының
бірінші орынбасары, Нұрлан Алмасбеков.