Алма-Арасан шатқалынан шыққан өрт 3 сағаттан кейін өшірілді

21.10.2020 22:14

Таңғы сағат 5:46-да тау аймағының өртеніп жатқаны анықталған

inform.kz


Алма-Арасан шатқалында өрт шықты. Таңғы сағат 5:46-да тау аймағының өртеніп жатқаны анықталған. Ал, оған баратын жолдардың болмауына байланысты өрт сөндірушілер шатқалға жаяу көтерілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасақ бір жарым гектар аумақты жайлаған жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Өртті сөндіруге Алматы қаласы және Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қазавиаорманкүзетінен 71 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылған. Қазір жекелеген өрт ошақтарына су төгу және минералды жолақ құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Өрт сөндірушілер келгенде таудың басында 1,5 гектар алқапты құраған ағаштар мен шыршалар жанып жатқанын анықтады. Өрт шыққан аймақта сотлүстік, оңтүстік-шығыс және батыс жақтарынан 3 өрт сөндіру бөлімшесі орналастырылды. Қабылдаған шаралардың арқасында таңғы сағат 8:02 минутта оңтүстік-шығыс және солтүстік беткейлердегі, сондай-ақ 8:31 минутта солтүстік беткейдегі өрт сөндірілді», – деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.