Маңғыстаудағы тас жолдағы көлік апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы «Құрық-Шетпе» тас жолының 74 шақырымында орын алды.
Облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға туралы шақыру 20 қазанда сағат 16:00-де Қарақия аудандық полиция бөлімінің «102» кезекші пультіне түскен.
«ВАЗ 21905» жүргізушісі Шетпе кентіне қарай кетіп бара жатып, рульді басқара алмай, жол жиегіндегі қоршауға құлаған. Кейін қарсы бағыттағы «УАЗ 33036» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды. Тағы бір жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.