Қайғылы оқиға Алтай ауданы Зубовск ауылындағы Бұқтырма өзенінде болған
Шығыс Қазақстан облысында сегіз жастағы қыз ойнап жүріп суға құлап, батып кетті. Оны құтқаруға тырысқан анасы суға түскен, бірақ ол да ағынға қарсы тұра алмаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Алтай ауданы Зубовск ауылындағы Бұқтырма өзенінде болған.
«Өзен жағасында ойнап жүрген сегіз жастағы қыз суға құлап, батып кетті. Куәгерлердің айтуынша, анасы қызын құтқаруға тырысқан, бірақ ол да жүзе алмаған. Әйел 1994 жылғы»,– деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Құтқарушылардың айтуынша, әйелдің денесі бала суға батқан жерден 10 шақырымнан аса жерден табылған.
ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста сегіз адам суға батып кеткен, олардың екеуі – бала.