Павлодар тас жолында автобус аударылып, екі бала мерт болды

pavon.kz
pavon.kz
Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға құлап кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен. Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға құлап кеткен.

Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады.

"Өкінішке орай, алты және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында көмек көрсетілді", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Екі аурухананың қабылдау бөлімдеріне науқастардың көптігі туралы алдын ала хабарланған.

Новости партнеров