Қарағанды облысында шахтадан бесінші адамның денесі табылды

03.11.2022 16:01

Қазір газдан уланған тағы төрт адам ауруханада жатыр

ашық дереккөзден

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың саны бес адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір газдан уланған тағы төрт адам ауруханада жатыр.

«Ленин атындағы шахтада газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ таралған. Салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х. Мақажанов атындағы ауруханаға жатты», - дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада, таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болып, төрт адам тіл тартпай қаза тапқан болатын.