Сәби 13 наурыздан жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды
Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды.
Ол 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жасалған шараларға қарамастан оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша толық ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда сауда орталықтарының біріндегі эскалаторда кішкентай қыз анасының қолынан құлап кетті.
Эскалатормен көтеріліп бара жатқан кезде қыз анасының қолынан сусып шығып, 1,5-2 метрдей биіктіктен сүйеніштің арғы жағына құлап кеткен.
Оқиға жексенбі, 13 наурыз күні болған.
Дереккөз: Sputnik