|
Jol
30.07.2023 | 11:02
678

БҚО-да күшті жел салдарынан ағаш автокөлікке құлап, үйдің шатыры ұшты

Зардап шеккендер жоқ

БҚО-да күшті жел салдарынан ағаш автокөлікке құлап, үйдің шатыры ұшты БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында күшті жел салдарынан ағаш автокөлікке құлап, үйдің шатыры ұшты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 шілде күні сағат 15.54-те Орал қаласында Гагарин көшесі 2/5-мекенжайында ағаш автокөлікті басып қалған.

Хабарлама түскен кезде жүргізуші автокөліктен шыға алмай отырған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ағашты кесіп, автокөлікті босатты. Жұмыс сағат 16.40-та аяқталды.

«Сондай-ақ бүгін Теректі ауданы Подстепный ауылында сағат 17.00-де екпіні секундына 13 метрге дейін жеткен жел бір қабатты төрт пәтерлік үйдің шатырын (50 шаршы метр) жұлып түсірді. Орал көшесі 15-мекенжайда орналасқан үйдің жалпы ауданы – 180 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.

Орал қаласы тұрғындарының сөзіне қарағанда, бірнеше көшеде ағаштар құлап, қолайсыздық тудырған және автокөліктерге зақым келтірген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир