Өскеменде 38 жастағы әйел терезеден секіріп кетті

28.02.2019 16:03

Әйел дене жарақатын алды

sn.kz

Өскеменде 38 жастағы әйел 3-қабаттан секіріп кетті, деп жазады YK-news.kz.

26 ақпан күні сағат 21:30-да Алматы көшесінде әйелдің жоғарыдан құлап түскені жайлы полицейлерге хабар түскен.

«Әйел дене жарақатын алды. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», –  дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.