25 мың теңге айыппұл: Әйелі түрмедегі күйеуіне телефонды мәнтіге тығып кіргізбек болған (видео)

14.11.2019 16:46

Ал, әйел оны біреудің "аманаты" деп отыр

Түркістан облысында әйел адам түрмеге мантының ішіне ұялы телефон мен 4 гигабайттық флэшкарта салып, кіргізбекші болған. Қауіпсіздік қызметкерлері бақылау пунктінде электрондық байланыс құралдарын өткізбек болған әйелдің іс-әрекетін бірден әшкерелеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің айтуынша, әйел адам түрмеде отырған күйеуімен ұзақ уақыттық көрісуге келген екен. Бірақ әйелдің айтуынша, оған белгісіз адамдар  осы түрмеде отырған басқа адам үшін ыстық тағамды кіргізуді өтініпті. Осы әрекеті үшін азаматшаға 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 25 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда бұл мәселе сотқа жіберілген.