БҚО-да қар жауып, 7 мыңнан аса адам жарықсыз қалды

02.11.2022 16:05

Облыстың бес елді мекенінде жарық жоқ

24.kz

Батыс Қазақстан облысының бес елді мекенінде 7 413 үй жауған қардың салдарынан жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жарық өшу жауын-шашынның, атап айтқанда, қардың салдарынан болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 1 қараша сағат 15:30-дағы жағдай бойынша облыстың бес елді мекенінде 7413 абонентте жарық жоқ екенін мәлімдеді.

Оралда 6576 абонент электр жарығынсыз қалды (Зашаған ауылы, өнеркәсіптік база ауданы, Желаев ауылы, сонымен қатар ескі әуежай, Күрең және Коминтерн ауылы аудандары).

Ақжайық ауданында 778 абонентте жарық жоқ (Чапаев кентінде), Бәйтерек ауданында 14 абонентте, Қазталов ауданында 25 абонентте (С. Талдықұдық), Қаратөбе ауданында - 20 абонентте).