Оқиғаның мән-жайы анықталуда
Семей қаласында жоғалып кеткен 9 жасар бала 2 күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«24 қаңтар күні із-түзсіз жоғалып кеткен Айдар Егізбаевты Аягөз аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Оқушы бала 24 қаңтар күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын бұған дейін жазған болатынбыз.