Алматыда 400-ден астам ата-ана жазаланды

Polisia.kz
Polisia.kz
2021 жылдың 13-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласының аумағында «Жасөспірім» жалпықалалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 400-ден астам ата-ана балаларының түнгі уақытта көшеде жүргені үшін жазаланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың 13-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласының аумағында «Жасөспірім» жалпықалалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 

«Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны ескерту, білім беру ұйымдарының қатысушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу. ПД-нің барлық қызметтерінің әрекеттерін үйлестіру үшін жедел штаб пен жұмыс тобы құрылды. Іс-шара барысында әртүрлі құқық бұзушылықтар бойынша ІІО-на 532 кәмелетке толмағандар жеткізілді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған – 461, қараусыз қалғаны және баспанасыз болғаны үшін – 29. Қараусыз қалған 26 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бөлінді», деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров. 

Сонымен қатар іс-шара жүргізілген күндері балалардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 424 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚбК-нің 127-бабы 1-бөлімі (Бала тәрбиесі бойынша міндеттерді орындамағаны үшін) – 19 ата-анаға қатысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жіберілді.

«Іс-шара кезінде ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған және оларға қатысты алдын алу іс-шаралар кешенін өткізді. Қаланың жалпы білім беру мекемелерінде оқушылармен кездесулер өткізіліп, оларға қоғамдық орындарда, бейтаныс адамдармен, қақтығыс жағдайында бейне материалдарды қолдану, ақпараттық бюллетеньдерді тарату және орналастыру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың құқықтарын кемсітушіліктің барлық түрлерінен, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған ұсыныстар берілді», деп қорытындылады Саттаров.


Новости партнеров