Оралдағы мектепті су шайып кетті

31.03.2022 16:06

Ұстаздар мен ауыл халқы шарасыз күйде

sarapshy.info

Ауыл мектебі суға кетті. Жергілікті билік шарасыздық танытты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sarapshy.info-ға сілтеме жасап.


Қабырғасы 1988 жылы қаланған білім ордасы содан бері бір күрделі жөндеу көрмеген. Мектептің бұған дейін жалғанған бөлігін көктемгі қызыл су түгелдей шайып кеткен. Кітаптар мен құжаттар да суға кетті. Қоскөл ауылдық округінің әкімі мен аудандық білім бөлімінен қайран жоқ – дейді ауыл тұрғындары.


Қазіргі жағдайы өте мүшкіл. 2022 жылы 28 наурыз қырдан келген қызыл су мектептің жалғанған бөлігін түгелдей дерлік жалмап кетті. 

Ұстаздар мен ауыл халқы шарасыз күйде. Ал ауыл азаматтары өз техникаларын жұмылдырып, трактормен құм тасып төсеп, қызметкерлер суға кеткен кітап мен құжаттарды өз күшімен құтқаруға тырысты. Ауылды ұстап тұрған білім ордасының шарасыз күйіне налыған мұғалімдер мен тұрғындар шенділерден көмек сұрап шаршады. Атқамінерлер болса, мектептің жабылмай, жұмыс істеп тұрғанын ғана алға тартады.

Айта кетейк, бала саны аз болғасын мектеп ұстаздары мен ата-аналар патронаттық тәрбиеге бала алуды жоспарлар отыр. 

Шағын ғана мектептің таудан талантты шәкірттері мен білімді ұстаздары көпке үлгі. Биылғы оқу жылының ішінде 17 оқушы түрлі аудандық жарыстан жеңімпаз атанып, облыстан жүлдемен оралды. 

Теги: БҚО