Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады
Семей қаласында екі адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 желтоқсан күні кешкі сағат 22:20-да Қабанбай батыр мен Гетте көшелерінің қиылысында болған.
«Land Rover көлігінің 29 жастағы жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып, сол жерден із суытты. 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Ал жарақат алған 16 жастағы қыз ауруханаға жатқызылған», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Дереккөз: ҚазАқпарат