Мегаполис көшелерінің бірі жөндеу жұмыстарына жабылады

09.08.2024 16:06

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері қойылады

elements.envato.com

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты түнде Қаппаров көшесінің бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаппаров көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі.

9 тамыз сағат 23:00-ден 10 тамыз сағат 06:00-ге дейін Жамақаев көшесінен бастап «MEDITERRA» медициналық орталығына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске сала кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервисінде орналастырылған.