Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті

Алматы облысында тау өзенін атпен кешіп өтпек болған әйел суға батып кетті
Қайғылы оқиға 18 маусым күні Райымбек ауданында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ерлі-зайыпты тау өзенін атпен кешіп өтпек болған, бірақ қатты ағысқа төтеп бере алмаған. Ер адам судан шығып, әйелі батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға 18 маусым күні Райымбек ауданында болған. Текес өзенін атпен кешіп өтеміз деген екі адамды қатты ағыс алып кетті. Ер адам атымен бірге судан шықты. Бірақ әйелін құтқара алмады.

"47 жастағы әйел көз жұмды. Денесі өзеннің төменгі жағында ағашқа ілініп қалған. Бұл факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Полицейлер тексерісті бастады", - дейді Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақан.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, ерлі-зайыпты таулы жерде мал шаруашылығымен айналысқан.

Алматы облысында жыл басынан бері 10 адам суға батып кетті.

Дереккөз: sputnik.kz.

Новости партнеров