Шымкентте салынып жатқан этноауыл өртенді

27.08.2021 00:30

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр

© Photo : Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

Шымкентте ірі өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қаланың Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт 26 тамыз түнде басталған. Әл-Фараби ауданы Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар 00.49-да түскен. Ол жерде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның төбесіндегі қамыс жанғанын анықтады.

Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толық сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды.

Теги: этноауыл