Осының салдарынан 78 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келіпті
Семей қаласының тұрғыны алқаптан 600 келі қарбызды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 5 қыркүйек күні сағат 20.24-те полиция бөлімшесіне шаруа қожалық иесі қоңырау шалған.
Оның айтуынша, 1-5 қыркүйек аралығында белгісіз біреулер алқабынан 600 келі қарбызды ұрлап кеткен. Осының салдарынан 78 мың теңге мөлшерінде материалдық шығын келіпті.
«Жедел іздестіру шаралары барысында тұрақты жұмыс орны жоқ 1980 жылғы шаһар тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап отыр. Ер адам барлық қарбызды сатып үлгерген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,– делінген ведомство мәліметінде.