|
25.03.2020 | 11:21
6641

Алматыда тағы екі «заңсыз өтуші» ұсталды

Екі қылмыскер де Алматы облысының тұрғындары

Алматыда тағы екі «заңсыз өтуші» ұсталды polisia.kz

47 жастағы М.есімді және 42 жастағы К.есімді азаматтар  Құлжа трассасында орналасқан бақылау-өткізу пунктінен айналма жолмен жүріп өтіп, қалаға кіріп, сол арқылы Алматы қаласына кіруді және шығуды шектейтін арнайы режимді бұзған. Екі қылмыскер де Алматы облысының тұрғындары, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық ПД сілтеме жасап.

"Жұмыс немесе жеке істер үшін қалаға кіруге айналма жолмен өтуге тырысудың қажеті жоқ.  Азаматтар үйлеріне оралған кезде үйдегілерге вирус таратып, жақындары мен туыстарына жұқтырып алулары мүмкін екенін түсінуі керек.  Қазіргі уақытта барлық жасырын жолдар, аллеялар, айналма жолдар жабылды, ол жақта тәулік бойы полиция мен Ұлттық ұланның жауынгерлері кезекшілік етеді.  Қаланың арғы бетінде Алматы облысындағы әріптестеріміз де кезекшілікте.  Қалаға кіру немесе шығу үшін заңға қайшы әрекеттерге баратын адамдар қатаң жазаланады. Саналы азаматтар  вирус жұқтырып алмау үшін тіпті үйлерінен шықпайды. Сондықтан біз барлық Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына үйде болуға және жақын адамдарына уақыт бөлуге кеңес береміз.  Карантиндік режимде неғұрлым қатал болсақ, соғұрлым тезірек аяқталады.  Мұның бәрі өзімізге байланысты", - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

"Заңсыз өтушілердің" алдағы тағдырын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешеді.  ҚР ӘҚбК-нің 476-бабының 1-тармағына сәйкес, бұзушылар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Еске салайық, қолданыстағы Қаулының 1) бөлімінің 1-тармағына сәйкес,  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы "Алматы қаласының аумағында карантиндік режимді енгізу туралы" 2020 жылғы 18 наурыздағы № 8 бұйрығы, 2020 жылғы 19 наурыздағы 00: 00-ден бастап COVID-19 коронавирусты инфекциясының Қазақстан Республикасының басқа аймақтарының аумағы таралуын болдырмау мақсатында адамдарға Алматы қаласына кіруге және шығуға тыйым салынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир